Тәуелсіздік сарайы — Астанадағы сарай. Сарайда ресми мемлекеттік іс-шаралар, форумдар, кеңестер, кездесулер, съездтер өтеді. Ішкі бөлмелердің сыйымдылығы, олардың техникалық жабдықталуы және жайлылығы халықаралық деңгейдегі оқиғаларды өткізуге және жариялауға толық мүмкіндік береді