1506

Бейнебаян: Суда құтқару қызметінің жұмысы қарқын ала түсті

Көктем – қар еріп, төңірікті су басатын қиындығы көп маусым. Әсіресе, өзен-көлге жақын тұратын тұрғындар осы мезгілдің залалсыз өтуін тілеумен болады.

 Көктем – қар еріп, төңірікті су басатын қиындығы көп маусым. Әсіресе, өзен-көлге жақын тұратын тұрғындар осы мезгілдің залалсыз өтуін тілеумен болады. Өйткені мұнда мұз опырылып, не судың арнасынан асу қаупі бар. Бүгінде Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 45-50 см. Мамандардың айтуынша, әзірге жаяу жүргіншінің алаңсыз өтуіне болады. Тек, күзде қатқан мұз бен көктемгі мұздың айырмашылығын ажырата білген жөн. Неге десеңіз, күзде қалыңдығы 8-10 см мұз жаяу жүргіншіні көтере алса, көктемде 30-40 см болған мұздың өзі қауіпті.

Георгий Саврук, Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметінің бастығы:

Біріншіден, мұз жарылып, балалар суға кете ме деген қауіп мазалайды. Сондықтан бірінші кезекте барлық мектепте «Көктемгі су басу кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткіздік. Мұз бетімен жүру қаупі туралы да тақтайшалар ілінді. Екіншіден, балықшылар үшін алаңдаймыз. Әзірге мұз қатты, бірақ аз уақытта ол күшін жоғалтады.

Суда құтқару қызметі аңшылық, балық аулау бірлестіктері мен салалық кәсіподақ комитеттеріне өз қызметкерлерімен жиналыс өткізу жөнінде хат жолдаған. Ал, сәуір айының ортасында смс  хабарландыру арқылы барлық қала тұрғындарына суға түспеу, мұз үстімен жүрмеу жөнінде  ақпарат жіберуді жоспарлап отыр.

Георгий Саврук, Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметінің бастығы:

Қазір мұз бір орыннан тапжылмай тұр. Ол көктемгі маусым үшін алдамшы жағдай. Өйткені күн сәулесі мұзды әбден жібітіп, бір сәтте орыннан қозғауы мүмкін. Есіл өзені ери қоймады, ал Ақбұлақ пен Қараөткелдегі мұз біртіндеп шытынап жатыр. 

2011 жылы тұрғындардың суға кету жағдайы тіркелмеген. 2012 жылы бір-ер азаматты судан құтқарып қалған. Биыл қайғылы жағдайды болдырмау үшін күні бойы бақылау жүргізіліп, 5 құтқару катері, 2 моторлы қайық, 7 құтқару шлюпі, 5 автокөлік дайын. Жалпы мекемеде 31 құтқарушы қызмет етеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109