1813

Бейнебаян: Қаланың ескі бөлігін су басу қиындықтары сейілмей тұр

Күн жылынысымен ауламыз бен үйімізді су баса бастайды.

Күн жылынысымен ауламыз бен үйімізді су баса бастайды. Астананың ескі қала аумағында орналасқан тұрғындар осылай  деп уәж білдіруде. Сарыарқа ауданына қарасты «Өндіріс», «Кирпичный»  кентінің халқы көктемгі су тасқыны қиындықтарымен наурыз айының соңынан мамыр айының ортасына дейін күресетіндерін айтады.

Марал Смағұлова, Астана қаласының тұрғыны:

Біз Сарыарқа ауданы, Қарталы көшесінде тұрамыз. Биыл наурыздың соңынан қар ери бастады. Қарталы көшесі бойындағы үйлердің бәріне су кірді.

Тұрғындардың айтуынша, көрсетіліп жатқан көмек те жоқ емес. Күн демей, түн демей автокөліктер келіп, суды сорғызып әкетуде. Алайда, су ағып кететін не арық, не бөгет болмағандықтан, көп ұзамай үй қайта суға толады.

Галина Потапова, Астана қаласының тұрғыны:

Бұл өлкеге алғаш көшіп келген жылдары мұндай болмаған. Ол кезде су кететін құбыр болған. Ал, қазір сол құбырдың  орнына үй салынған. Енді судың бәрі біздің үйге қарай ағып жатыр.

Бұл мәселе бірнеше жылдан бері тұрғындарды әбігерге салуда. Қардың көп жаууына орай жұмыс та екі еселене түскен. Наурыз айының басында «Астана тазалық» МКК-ға күніне 300-ге жуық тапсырыс түссе, бүгінде олардың саны 150-160-қа жуық.

Нұрбол Орынбаев, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы  жаңбыр суы құбырын пайдалану жөніндегі аға шебер:

Осы уақытқа дейін тәулігіне 100 техника жұмыс істеп жатыр. Қар уақытылы шығарылмағандықтан осындай жағдай орын алуда. Көбі ескі үйлер, көшедегі су үйдің ішіне кіріп жатыр.

Айта кету керек, жұмыс әлі де тоқтаусыз жүргізілуде. Тұрғындар болса, түнде кезекпен ұйықтап, суда қалмаудың амалын қарастыруда. Мамандардың айтуынша,  бір көлік 10-12 текше метр суды сорғыза алады. Ал, тәулігіне 7000 текше метр су сорғызылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109