1696

Елордада үйлерге жылу беру 20 сәуірден кейін тоқтатылады

Дәстүрлі түрде жылу маусымы елордада сәуірдің ортасында тоқтатылатын.

Дәстүрлі түрде жылу маусымы елордада сәуірдің ортасында  тоқтатылатын. Алайда биылғы жылы алдағы болатын салқындықтарға байланысты астанада жылу беру айдың үшінші онкүндігінде ажыратылады. 

Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары, жылу маусымын дайындау өткізу жөніндегі штабтың төрағасы Василий Крылов  2012-2013 жылғы жылу маусымының қорытындысы жөніндегі мәжіліс барысында мәлім етті.

 «Бүгінгі күні ауа температурасы жылу беру маусымын тоқтататындай мөлшерге дейін жылынғанымен, таяу күндерде синоптиктер 15 сәуір мен 20 сәуір аралығында ауа температурасының түнде нөль градусқа дейін салқындауы мүмкін екендігінайтуда. Сондықтан жылу маусымын тоқтату туралы түпкілікті шешім 20 сәуірден кейін ғана қабылданады», - деп мәлімдеді ол.  

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары автоматты жылу пункттері орнатылған үйлерде температура автоматты түрде реттелетінін де тілге тиек етті.  Қалған тұтынушылар жылудан айыру жөніндегі шешімді өздері қабылдай алады. Алайда, мұндай шешімдер «Астана-Теплотранзит» АҚ-мен міндетті түрде келісілуі қажет.

 Аяқтауы жақындаған жылу беру маусымын қорытындылай келіп, Василий Крылов жалпы алғанда маусымның ешқандай тосын жағдайларсыз ойдағыдай өткенін мәлімдеді. Өткен жылға қарағанда биыл апатты жағдайлар да аз болған.  5 қазаннан бастап барлығы 1 181 млн/кВтч электр қуаты жұмсалып,  1 899 мың тонна көмір (28 344 вагон), 16 831 тонна мазут (290 цистерн) жағылғандығын баяндады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109