1739

Бейнебаян: Биылғы жылу маусымы ойдағыдай өтті

Сәуір болмай – тәуір болмас. Қыстың ызғары кетіп, күн жылынғалы жылу беру маусымының аяқталатын уақыты жетіп қалды.

Сәуір болмай – тәуір болмас. Қыстың ызғары кетіп, күн жылынғалы жылу беру маусымының аяқталатын уақыты жетіп қалды. Осыған орай, Астана қаласы әкімдігінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен жиналыс өтті. Аталған жиында әкімнің орынбасары, жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу жөніндегі қалалық штабының төрағасы Василий Крылов 2012-2013 жылға жылу беру маусымының қорытындысы жөнінде есеп берді. 

-Өткен маусымда бірінші дәрежелі апаттық немесе энергия көздерінің істен шыққандығы туралы жағдай тіркелмеген. Ал, екінші дәрежелі 15 технологиялық істен шыққан жағдай бар. Бірақ, мәселе көп ұзамай шешімін тауып, көрсетілген қызметке зардабын тигізбеді, - деді қала әкімінің орынбасары. 

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, жылу энергиясын беру  көрсеткіші 1 181 млн/кВтс-ны құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық. Биыл жылдағыдан қардың қалың түсуіне орай жұмсалған шикізат көзі де едәуір көбейген. Нақты айтсақ, 1 899 мың тонна көмір, 16 831 тонна мазут пайдаланылған. Сонымен қатар, «АстанаГазСервис» АҚ есепті жылу беру маусымында 3 418 тонна газ жұмсаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 60 тоннаға көп.

-Дәл қазір жылу беруді тоқтатамыз деп айту қиын. Өйткені ауа райы құбылып, тұрақталмай жатыр. Оның үстіне, 15-20 сәуір аралығында күн суытады деп күтілуде. Сондықтан жылу беруді тоқтату мерзімін сәуірдің 20-нан кейін нақты айтуға болады, - деп сабақтады сөзін әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы Коммуналды мекемелер, энергетикалық кешендер 2013-2014 жылдарға арналған жылу беру маусымының бағдарламасын бекітіп, дайындық жұмыстарына бекітіп кетті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109