1550

Астанада жылу энергиясын тиімді пайдалану жайы талқыланады

Қазақстанның кейбір қалаларында жалпы жылу жүйесі мен ыстық суды пайдалану 50-60% артық шығып, ғимараттардағы жылуды пайдалану еуропа елдерімен салыстырғанда 2-3 есе көп болып табылады.

Қазақстанның кейбір қалаларында жалпы жылу жүйесі мен ыстық суды пайдалану  50-60% артық шығып, ғимараттардағы жылуды пайдалану еуропа елдерімен салыстырғанда 2-3 есе көп болып табылады. Осы және Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын тиімсіз пайдалану жайы Астана қаласында 19 сәуірде өтетін «Коммуналдық жылумен жабдықтау тиімділігін арттыру «жасыл» экономикаға қосылған үлес іспетті» баспасөз мәслихаты барысында талқыланады. Бұл туралы ПРООН баспасөз қызметі мәлім етті.

Орын алып отырған жағдайлардың басты себебі, көп ретте коммуналдық инфрақұрылымдардың  65-75%-ға дейін ескіріп, тозуынан, әрі жылу энергиясын тиімді пайдаланбаудан болып отыр.  

«Сарапшылардың пікірінше, коммуналдық жылумен жабдықтау энерготиімділігін көтеруге бағытталған инвестиция көлемі жаңа қуаттағы құрылыс салғаннан анағұрлым аз болатын көрінеді.  Энерготиімділігін  сақтау елдің энергоқауіпсіздігінің бір негізі ғана емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «жасыл» экономикаға қосқан үлес болып табылады», - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Баспасөз мәслихатына халықаралық, және жергілікті сарапшылар, депутаттар мен мемлекеттік органдардың, халықаралық донорлық ұйымдардың, жылумен жабдықтау компанияларының өкілдері қатысады.

ҚР Үкіметі мен БҰҰ/Ғаламдық Экологиялық Қорының «Коммуналдық жылумен қамту тиімділігін арттыру үшін кедергілерді жою»  жобасын аяқтауға арналған іс-шараның ұйымдастырушылар - Қазақстандағы ПРООН мен ҚР Аймақтық даму министрлігі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109