1635

Астана ардагерлері енді қоқыс шығару үшін ақы төлемейді

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер үшін қоқыс шығару қызметі енді тегін көрсетіледі.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер үшін қоқыс шығару қызметі енді тегін көрсетіледі. 

«Астана-Тазарту» ЖШС» 2013 жылдың 1 наурызынан бастап Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер үшін ҚТҚ үшін алынатын ақы төлеуден босатылғанын хабарлаймыз. Бұдан былай ардагерлерге осы бағытта тегін қызмет көрсетіледі», - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, компания І және ІІ топтағы мүгедектерге ҚТҚ шығаруға ақы төлеуде дифференцирленген жеңілдіктер қарастырады.

Қосымша ақпараттар алып, растайтын құжаттарды ұсыну үшін «Астана-Тазарту» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс бөліміне жолығуыңызға болады. Қалалық мәслихаттың бекітілген шешіміне байланысты Астанада қоқыс шығару қызмет ақысы  2013 жылдың 10 ақпанынан бастап:

- барлық жағдайы бар үйлерде тұратын тұрғындар үшін айына бір адамға – 259,20 теңге;

- барлық жағдайы жоқ үйлерде тұратын тұрғындар үшін бір адамға айына – 276 теңге болып бекітілді.

 Айту керек, Астанада тұратын барлық соғыс ардагерлері мен мүгедектері пәтермен қамтылған. Оларға  дәрі-дәрмектер алу, амбулаториялық емделуі үшін ақшалай әлеуметтік көмектер көрсетіледі.  Қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүріп, санаториялық-курорттық емделулерге, тіс протезін салуға, коммуналдық қызметтер мен және де басқа қызметтер ақысыз көрсетіледі.  Сондай-ақ, олар мереке  мен атаулы күндері  бірреттік ақшалай көмек алады.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109