2364

Түбіртек елорда тұрғынының электронды поштасына жолданатын болады

«Астана ЕРЦ» ЖШС тұрғындарға қолайлы болуы үшін арнайы қызметін ұсынады. «Біз түбіртекті ай сайын тұтынушының e-mail мекенжайына жолдау қызметін ұйымдастырдық», - деді «Астана ЕРЦ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Тимур Есенгельдин. Түбіртекті ай сайын электронды поштаға алып отыру үшін ұйымның кез-келген абоненттік учаскесіне барып, өтініш жазу керек. Сонымен қатар, оған пәтер иесінің жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі тіркеледі.

Түбіртек есептік айдан кейінгі әр айдың сегізі күнінен кешіктірілмей электронды поштаға жолданып отырады. Абонент түбіртекті басып шығарып, өзіне қолайлы жолмен төлейді.

Қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша Отырар к-сі, 5, Бөгенбай батыр даңғылы, 50, Б.Момышұлы даңғылы, 10, Сауран к-сі, 7 г, 2 шағын аудан 6 мекенжайлары бойынша «Астана - ЕРЦ» ЖШС хабарласуға болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109