7592

Көшелерді қардан тазарту қалай жүргізіледі

Елордада қар шығару үшін 11 полигон ашық. Полигондарда мамандар камаздардың келу уақытын, қар салмағын және т.б. белгілейді. 13 қараша күні коммуналдық қызметтер 30 мың текше метрге жуық қар шығарған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков қаладағы көшелерді қардан тазалау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

"Көшелерді тазалаудың екі түрі бар: механикаландырылған және қолмен. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалыс өте көп жолдар тазартылады. Одан әрі орташа қозғалыс учаскелері - алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар қардан тазартылады. Механикаландырылған сыпыру мен қар күреу сыпыру-жинау машиналарымен және сыпыру тракторларымен жүргізіледі. Яғни алдымен қар жүретін жолдан жол жиектеріне жиналады, сол жерден жол жұмысшылары қарды самосвалдарға жинайды. Елестетіп көріңізші, 20 тонналық КамАЗ екі минут ішінде қалың қармен толады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы мен әлеуметтік нысандар аумақтарын тазартуға ерекше назар аударамыз", - деді Нұрлан Солтамбеков.

Қала жолдарының жаяу жүретін бөлігі тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді, ол қар жауа бастағаннан себіледі. Бірінші кезекте, көлік қозғалысы үшін ең қауіпті магистральдар мен көшелердің учаскелері - өр және еңіс жолдар, көпірлер, эстакадалар, тоннельдер, көше қиылыстарындағы және қоғамдық көлік аялдамаларындағы тежеу алаңдары өңделеді. Егер бірінші цикл аяқталғаннан кейін қар жауа берсе, қажетті жұмыстар қайталана береді.

“Содан кейін барлық қар полигондарға шығарылады, онда орынды үнемдеу үшін арнайы техника оны тығыздайды.Қала бойынша қар 24/7 режимде тазартылады. Біздің полигонда бақылауға арналған фото және бейнекамералар орнатылған. Қар жинауға арналған тиегіштер бар, яғни аумақты ұтымды пайдалану үшін арнайы көліктер пирамида жасайды", - деді қала әкімінің орынбасары.

Күн сайын қала көшелерін тазарту үшін 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1,5 мың жұмысшы шығады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109