4674

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының елді-мекеніне ауыз су жеткізіледі

Елорданың бірқатар елді-мекендерінде инфрақұрылымды дамыту мәселелері бар. Интернациональный елді мекенінде бірінші кезекте жарықтандыру, аялдамалар орнатылып, автобус маршруттарының қосымша саны іске қосылады. Қазір магистральды су құбыры құрылысы басталды. Магистралды су құбыры аяқталғаннан кейін, кварталішілік желілер үйлерге өткізіледі. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елордада 16 елді-мекен бар. Оларды орталықтандырылған дамытудан басқа, ауыз су, кәріз, жарықтандыру, жолдар салу және т.б. мәселелерді шешу қажет. Аудан тұрғындары жарықтандыру, нөсер және шаруашылық нәжіс кәріздерін жүргізу, интернет, газдандыру, жолдарды, тротуарларды асфальттау және т.б. сияқты инфрақұрылым мәселелерін көтерді.

Бірінші кезекте жарықтандыру, аялдамалар орнату, автобус маршруттарының қосымша санын іске қосудан бастаймыз. Тұрғындарда орталықтандырылған ауыз су берілмегенін ескере отырып, біз магистральды су құбырының құрылысын бастадық. Магистралды су құбыры аяқталғаннан кейін, кварталішілік желілерді үйлерге өткізуге кірісеміз. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жолдарды асфальттауға кіріспес бұрын, кәріз және газдандыру жұмыстарын аяқтаймыз. Биылғы жылыту маусымында бірқатар елді-мекендер газға көшіріле бастайды. Процесс бірнеше кезеңге бөлінген. Айтылған кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер жоспарға алынды.

Осындай кездесулерді барлық елді-мекендерде өткізіп, қала тұрғындарының ұсыныстарын қаланы дамыту жоспарына енгіземіз. Тұрғын үй алаптарын дамыту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109