6860

Елорда әкімінің азаматтарды қабылдауы мәселелердің жүйелі шешілуіне қалай көмектеседі?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қабылдауға келген азаматтардың бір бөлігінің мәселелерін шешу — басқа санаттағы қала тұрғындарының да мәселелерін шешуге мүмкіндік бергенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз. Бүгін 10-нан астам тұрғынды онлайн қабылдадым.

Президент Парламенттің VII сайланымындағы Мәжілісінің алғашқы сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде — мемлекет өз жұмысында әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауға басымдық беру керегін, «атаулы мемлекеттік көмек пен оны алу шарттары күшейтілуі тиіс» деді. Азаматтарды қабылдау — көбірек адамды әлеуметтік көмекпен қамтуға, мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.

Азаматардың сұрақтарының басым бөлігі тұрғын үй мен әлеуметтік көмекке қатысты. Өткен жылдың күзінде тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық осы себепті ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда — тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керегі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысу жолдары мен т.с.с. ақпарат алуға болады.

Әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсетуге "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14) бар. Онда "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ашылған сәттен бастап (2019 жылғы тамыз айы) - 41,5 мыңнан астам адам жүгініп, өздерін толғандырған мәселелерге қатысты кеңес алды.

Осылайша, қабылдауға келген азаматтардың бір бөлігінің мәселелерін шешу - басқа санаттағы қала тұрғындарының да мәселелерін шешуге мүмкіндік берді», — деп жазды қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109