1763

Елордада су тасқынының алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда аумағында су тасқыны қаупінің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жұмылдырылған қызметтермен және ұйымдармен бірлесіп су тасқынының өтуіне дайындық жүргізіп жатыр. Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша 2021 жылғы су тасқыны кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 29 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды (2019 және 2020 жылдары – 37), яғни 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды.

«Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қою жағдайында қала әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ны жоюға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Азаматтық қорғау органдарының құрамында жеке құрамнан 700-ге жуық адам және 200-ге тарта техника тобы тұрақты дайындыққа келтірілді», — дейді Есен Байыров.

Департамент қызметкерлері тұрғындармен үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күні 16 рейдтік іс-шара өткізілді, жалпы 2000 адамды қамтумен 1500-ден астам үйді аралау жүзеге асырылды, 900-ден астам ұсынымдар берілді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен бірлесіп, қардың еруі және мұздың жарылуы кезеңінде жасөспірімдер мен балалар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қаланың білім беру нысандарымен 1500-ден астам адамды қамтитын интерактивті сабақ өткізілді», — деді ведомство өкілі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109