2047

Нұр-Сұлтанда қаланы зиянкестерге қарсы дератизациялау жүргізіліп жатыр

«Қоршаған ортаны қорғау және Нұр-Сұлтан қаласының табиғат пайдалану басқармасы» ММ «AG Disinfection services» ЖШС-мен бірлесіп дератизациялау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталған шара жеке сектор және ашық аумақтарда жүргізіледі. Жеке сектордың тұрғындары арнайы улы препараттарды тегін алады.

«Көктем кезінде жәндіктер тіршіліктерін бастайды. Біз тұрғындарға негізінен тышқан мен егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын дәрілер таратып жатырмыз.  Тұрғындарға сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерге, жертөлелерге немесе үйдің төбесіне қою керектігі ескертілді», — деді дезинфекциялаушы Бағдангүл Мақиева.

«Дератизация 3 қайтара жүргізіледі. 25 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ 15 маусымға дейін ашық аумақтарда дератизация жүргізілетін болады. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3112 гектарды құрайды. Зиянкестер көбінесе саябақтарда, өзендердің, каналдардың, су қоймалары мен зираттарда жиналады», — деді ММ «AG Disinfection services» ЖШС директоры Айжан Оразова.

Дератизациялауға Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген бромадиолон препараты пайдаланылады. Мұндай шаралар кеміргіштердің санын азайту мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109