1778

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған төрт мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады

Қасиетті Рамазан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату ісі жалғасып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда «Қайырымды істер» марафоны аясында қасиетті Рамазан айында төрт мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады. Азық-түлік жиынтықтарын таратуға еріктілер мен айналасына жанашырлықпен қарайтын қала тұрғындары көмек көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар, 17 наурызда «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды. Бұл іс-шараға «Халық» қайырымдылық қоры бастамашылық етті. Аталмыш қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мұқтаж отбасыларға 1 000-нан астам азық-түлік себетін тапсырды.

Өз кезегінде Болат Өтемұратов қоры «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдап, сәуір айында елорданың мұқтаж отбасыларына азық-түлік жиынтығының 1000 себетін табыс етті.

Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» марафонының аясында өтті. Наурыз айында төрт мың мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығы тапсырылды. Қайырымдылық істі жүзеге асыруға кәсіпкерлер, ірі ұйымдар, еріктілер және қала тұрғындары атсалысты. Пандемия кезінде дәрі-дәрмектерді, медициналық маскаларды тарату, зейнеткерлердің аулаларының қарын күреу, ағаш отырғызу және т.б. жұмыстар жүргізілді.

Сол сияқты қасиетті айды Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мен діндерді зерттеу орталығы «Нұр-Астана» мешіті ұжымымен бірлесіп, аузы берік мұсылмандарға ыстық тамақ таратумен бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бизнесмендерді, ірі кәсіпорындардың басшылары мен топ-менеджерлерді қайырымдылық акцияларына қатысуға шақырды. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109