1777

Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына орай дарынды спортшылар тәрбиеленетін жаңа аула клубы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп ашқан жаңа аула клубы ата-анасыз қалған балалар мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған.

«Бүгін айтулы мерекелік шара өтуде. «Динамо» дене шынықтыру спорт кешенінде жасөспірімдерге арналған жаңадан спорт секциялары ашылып жатыр. Оларды біліктілігі жоғары спорт шеберлері тегін жаттықтырады. Оның ішінде Қазақстан мен Азия чемпиондары бар. Алдағы уақытта қазақ күресі спортын дамыту ойда бар. Біздің басты мақсатымыз – балаларды спортқа баулып, болашақта елге танымал спортшыларды дайындау», – деді «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Болат Рамазанұлы.

Клубта бокс, қоян-қолтық ұрыс, таэквандо секілді спорт секциялары, сондай-ақ тренажер залы жұмыс істейтін болады. 

«Қала басшысының тапсырмасына сәйкес аула клубтарының санын көбейтіп отырмыз. Аула клубтары тек қаланың орталығында ғана емес, шеткі аймақтарын да қамту керек. Бүгін 26-шы аула клубын аштық. Ал Сарыарқа ауданында 4-ші аула клубы ашылуда. Негізі басты бағыт – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы балаларды ақысыз түрде спортқа дайындап, уақыттарын тиімді пайдалануға септігімізді тигізу», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Қайрат Қамбаровтың айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жыл соңына дейін аула клубтарының санын 30-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, іс-шара қатаң санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109