1943

Елордада масалар мен шіркейлердің санын азайту бойынша дезинсекциялық іс-шаралар алты кезең бойы жүргізіледі

Елордада дезинсекциялық жұмыстар алты кезең бойы жүргізіледі, оның барысында 100-ден астам тұрақты және 90 уақытша қалыптасқан су айдыны, сондай-ақ ашық аумақтар өңделеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жұмысқа эпидемиологтар, биологтар, энтомологтар қатарынан жедел штаб құрылды. Жыл сайын энтомологиялық мониторинг жүргізу және кезең бойынша жұмыстар жүргізу кестелері жасалады.

Маусым бойы шыбын-шіркей жұмыстары алты кезең бойы жүргізіледі.

Әрбір кезең барысында жалпы ауданы 6 мың шаршы метрден астам 111 тіркелген (тұрақты) су айдыны және 90 уақытша пайда болатын таяз су айдыны, сондай-ақ ауданы 200 мың шаршы метрден асатын ашық аумақтар өңделеді. Сонымен қатар қараусыз қалған және ескі үйлердің жертөлелерін өңдеу тұрақты негізде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 12 сәуірден бастап мамандар таяз су қоймаларында масалардың дернәсілдеріне тексеру жүргізді. Осыдан кейін ауа-райының жылынуымен, яғни өткен айдың соңында шыбын-шіркейлердің алдын алу үшін қаладағы су қоймаларының бәрінде өңдеудің алғашқы кезеңін бастады. Сондай-ақ, қала сыртына масалар мен шіркейлерді ығыстыра отырып, ашық станцияларда – саябақтарда, гүлзарларда, тұрғын үй алаптарыында дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді.

Бүгінде Есіл өзенінің жағалауы, Астаналық саябақ, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаң, Триатлон паркі, Президенттік саябақ, Ғашықтар саябағы, Ботаникалық бақ, аулаішілік аумақтар секілді орындар өңделді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына дезинсекциялық жұмыстар кезіндегі сақтық шаралары хабарланатын болады: дезинсекция жүргізілетін орындарда, дезинфекторлардың жұмысы кезінде үйдің жанында болуға болмайды, ал терезелер жабық болуы тиіс.

Мамандардың айтуынша, масалар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болғандықтан, дезинсекциялық шаралар олардың санын азайтуға ғана бағытталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109