1939

«Мақсатымыз — масаларды жою емес, санын азайту» — елордалық дезинфекторлар

Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астаналық дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың сәуір айынан бастап масалар-шіркейлермен күрестің алғашқы кезеңін жүргізіп жатыр. Нормаға сәйкес, препараттарға бейімделу мен мутацияға жол бермеу үшін маусым (сәуір – қыркүйек айларының аралығы) кезінде шыбын-шіркеймен күресу жұмыстары айына бір рет өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әрбір кезеңнің 15 күні ішінде масалардың көбеюін болдырмас үшін су айдындары препаратармен қамтылып, түтін арқылы қорғаныс тосқауылы жүргізіледі және басқа жаққа қоныстануын болдырмас үшін дезинсекциялық машиналармен шашыратылады.

Қаланың мынадай ашық аумақтары өңделеді: саябақтар, скверлер, тұрғын алаптар және орамішілік аумақтар.

Бүгінгі күні қала аумағының 80%-ға жуығы өңделді. Жауын-шашыннан кейін ауа-райына байланысты өңдеуді тоқтатуға тура келді. Сонымен қатар, жауыннан кейінгі кезең маса мен шіркейдің тез көбеюіне қолайлы уақыт екенін ұмытпаңыз, себебі ылғалдылық пайда болады.

Ауа райының жылынған сәттен бастап жұмыс ары қарай жалғасты. Адам көп жиналатын орындарда түтін арқылы қосымша өңдеу жүргізіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан түсіністікпен қарауын сұраймыз. Маса мен шіркей экожүйенің бір бөлігі болып саналады, сол себепті оларды толығымен жоюға болмайды. Өңдеу жұмысы олардың санын азайту және жаппай көбеюіне жол бермес үшін жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл жұмысқа барлығы 100-ден астам дезинфектор, биолог-энтомологтар, термогенераторлар, дезинфекциялық машиналар, дезинфекциялық қондырғысы бар мотошассилер тартылған. Ауа райы байланысты жұмыс кестесі өзгеріп тұрады», — делінген тиісті басқарманың хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109