1320

Елорданың бірнеше көшесінде су өшіріледі

Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше көшесінде 2 маусым күні 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін ауызсу өшіріледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана су арнасы» МКК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, «Астана су арнасы» МКК 2 маусым күні 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар өткізілетінін хабарлайды. ЖЭО-1 мен өндірістік аймақта су беретін д=600мм ауыз су құбырындағы қысым реттегішті демонтаждау жүргізіледі. Осыған байланысты Байқоңыр ауданы бойынша Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптарында, Пушкин көшесінде, 69 көшесінде, Алаш тас жолы және Әл-Фараби даңғылында, ЖЭО-1-де ауыз су беру тоқтатылады», - делінген «Астана су арнасы» МКК хабарламасында.

Сонымен қатар 3 маусым күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты су төмен қысымда берілетіні айтылған.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сондай-ақ ауыз су қорын жеткілікті мөлшерде құйып алу қажеттігін еске саламыз», - делінген хабарламада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109