1905

Елордада маса мен шыбын-шіркей санын азайту: Дезинсекциялық жұмыс неліктен бірнеше рет жүргізіледі?

Елордада масалар мен шіркейлердің санын азайту және жою бойынша жұмыстарды қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мердігерлік ұйымы – «Астаналық дезинфекция» ЖШС 6 тур арқылы жүргізеді. Қазіргі уақытта бірінші және екінші тур аяқталды. Бұл жұмыс неліктен бірнеше кезең бойы жүргізілетінін басқарма мамандары түсіндіріп берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, маусымға дайындық шаралары осы жылдың басында басталды. Шыбын-шіркейлер санын азайту жұмысы 6 тур жүргізіледі, олардың әрқайсысы кем дегенде 15 күнге созылады.

«Қар еріп, көлшіктер пайда болғаннан кейін энтомологтар зерттеу жұмыстарын бастайды. Егер энтомологтар масалардың I немесе II сатыдағы дернәсілдерінің формаларын тапса, сол орынға дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі. Осы арқылы қансорғыштар саны айтарлықтай азайып, имаго сатысына дейін жетеді», - делінген басқарма хабарламасында.

Бірінші тур мамыр айының ортасында аяқталған болатын. Оның барысында 111 тіркелген (тұрақты) су айдынында және 123 уақытша қалыптасқан көлшікте ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өңдеу жұмысы 23 697,47 мың шаршы метр алаңда жүргізілді.

Екінші кезең – ашық стацияларды, су қоймаларын өңдеу жұмысы 13 маусымға дейін жүргізілді.

Масалардың көбеюін болдырмас үшін су айдындары препараттармен өңделіп, түтін арқылы қорғаныс тосқауылы жүргізіледі. Бұл масалар мен шіркейлердің жаппай көшуіне жол бермейді. Жұмыстар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейтін хлорпирифос және малатионнің ФОС класындағы инсектицидтік препараттарды қолдана отырып жүргізіледі. Жұмыс мамандандырылған дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен жасалады.

Шыбын-шіркей жою жұмысына 150 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 150 дана мотор-ранцты бүріккіш, 4 дана дезинфекциялық машина және 2 дана дезинфекциялық қондырғысы бар мотошасси қолданылады.

Сондай-ақ, мамандар өңдеу жұмысы неліктен бірнеше тур жүргізілетінін былайша түсіндіріп берді:

«Әр жәндік қолайсыз жағдайға тез бейімделіп, препараттарға қарсы иммунитетін дамыта алады. Сол себепті ара-арасына үзіліс жасалуы тиіс. Дегенмен әрбір тіршілік иесі табиғат үшін маңызды екенін ұмытпаған жөн. Масалар мен шыбын-шіркейлер табиғи экожүйенің маңызды бөлшегі болып саналады. Адамды негізінен ұрғашы масалар шағады. Себебі өз ұрпағын қалдыру үшін міндетті түрде қоректенуі қажет. Ал еркек масалар өсімдіктердің балшырыны мен шырынын қорек етеді, осылайша жерді тозаңдандырады. Дегенмен, қансорғыш жәндіктер жұқпалы ауру таратуы да мүмкін. Тіпті аллергиялық реакциялар да осыдан туындап жатады. Сол себепті өңдеу жұмысы олардың санын азайту үшін жүргізіледі», - деп түсіндірді тиісті ведомство.

Айта кету керек, қансорғыш жәндіктердің көбейетін орны негізінен иесіз қалған дымқыл жертөлелер, құрылыс нысандары және жеке үйлер болып саналады. Сондай-ақ, қамыс басқан орындар дезинсекциялық жұмыстар жүргізу кезінде үлкен проблема тудырады. Сол себепті тиісті нәтижеге жету үшін жұмыс жан-жақты жүргізілуі қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109