1188

Елордадан бір апта ішінде төрт мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

«Clean City NC» ЖШС елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен 2021 жылдың 21-27 маусым аралығында тұрғын үйлердің жанында орнатылған контейнерлерден шамамен 4 400 тонна қоқыс шығарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шығарылған 4 400 тонна қоқыстың 2 969 тоннасы – жасыл контейнерлердегі өңделмейтін қалдық, ал 1 440 тоннасы – сары контейнерлердегі сұрыптауға жататын түрі.

Қоқыс шығаруға 100-ге жуық техника мен 150-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Сондай-ақ контейнерлік алаңдарды жуу және дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, қоқысты бөлу қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі маңызды кезең болып саналады. Ол қайта өңдеуден өтеді. Сол себепті қала тұрғындары қоқысты тастар алдында сұрыптауы қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109