1730

Жылыту маусымы: ТЖД қауіпсіздік шараларын түсіндірді

Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын күн салқындап, жылыту маусымы жақындағанда қайғылы оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар департаменті жер үйлерді аралап, рейд жүргізеді.

Ведомствоның мәлімдеуінші бұл шара екі кезеңге бөлінеді. Алғашқысы 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, ал екіншісі 15 қыркүйектен бастап жылыту кезеңінің соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аралау барысында пештер мен мұржалардың, электр жылытқыштардың орнатылуына баса назар аударылады. Сол сияқты өрттің алдын алу жөніндегі жадынамалар тапсырылады.

Департаменттің бастамасы бойынша өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңін өткізу кезінде әлеуметтік қорғау, әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ және т.б. өкілдерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне бару жоспарланған. Бұл жағдайы төмен отбасыларды қауіптен құтқару үшін жасалады.

Статистикаға сәйкес, биыл жыл басынан бері қаламызда 469 өрт тіркелді. 

Шақырулардың басым бөлігі (шығулардың жалпы санының 60%) тұрғын үй секторына тиесілі.

Өрттің басты себептері:

- отты абайсыз пайдалану;

- электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу;

- жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу;

- тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Жылыту пештерін дайындау бірінші кезекте түтін қалдықтарын күйеден, өртке қарсы бөлу құрылғыларынан пештің қатты қыздырылатын бетіне дейін тазалауды қарастырады.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Электр құралдарын және жылыту пештерін орнату барысында мұқият болыңыздар. Ақауы бар розеткаларды, басқа да заттарды қолданбаңыздар. От жанған пешті қараусыз қалдырмаңыздар, сол сияқты өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін пештерді қолданбаңыздар. Қауіпсіздік шараларының сақталмауы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109