1969

Астана әкімдігі құрылыс компаниясының заңсыз әрекетінің алдын алды

Елорда әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп, «Көркем Tower» және «Сәтті жол» кешендеріндегі пәтерлерді 3 жыл мерзімге бөліп төлеу арқылы заңсыз сату туралы жарнаманы анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Аталған тұрғын үй кешендерінің құрылысшысы «Industrial Innovation Group» ЖШС ҚР Үлескерлік құрылыс туралы заңын бұзды. Елордалық мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының мамандары заңнамаларды бұзудың алдын алу және жол бермеу мақсатында ТК өкілдері - «Industrial Innovation Group» ЖШС директорының міндетін атқарушы шақырылды».

Кездесу барысында қолданыстағы үлескерлік құрылыс туралы заңнамалардың негізгі талаптары түсіндірілді.

«Пәтерлерді сатуды жүзеге асыру туралы жарнама беруі үшін құрылыс компаниясының жеке және заңды тұлғаларды тұрғын үй құрылысына қатыстыру үшін рұқсатқа ие болу керек - «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ кепілдемесі немесе екінші деңгейлі банк жобасына қатысуы тиіс. Сәйкесінше жасалған келісім-шарт формасы «Үлескерлік қатысу келісімі» деп аталады. Белгісіз үлгідегі басқа келісімдер заң бойынша жарамсыз болып табылады», - делінген ведомство хабарламасында.

Кездесу нәтижесінде компания өкіліне заңды бұзуға жол бермеу туралы ескерту берілді. Жоғарыда аталғандар негізінде Астана қаласының әкімдігі азаматтарды баспана сатып алу кезінде құрылыс компаниясынан үлескерлік құрылыс туралы келісім жасауды талап етуге шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109