3893

ВАК кезекті «Азбука жилья» нысанының құрылысын аяқтау туралы мәселені шешті

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС өкілетті ұйымы «Гарант» ТК объектісінің құрылысын аяқтауға конкурс жариялауға дайын, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның тұрғын ұй құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі кезекті отырысында белгілі болды.

Бүгінге дейін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС объектінің рентабельділігін орнату бойынша ұсынған барлық материалдары зерттеліп, ресми сайтта құрылысты аяқтау туралы бірлескен келісімшарт жарияланған болатын. Алайда «Гарант» ТК құрылысына конкурс жариялау үшін қазіргі таңда әлі қабылданбаған ТҚК жалпы жиыны қажет. 

 «Сіздердің объектілеріңіз бойынша барлық мәселе шешілді. Біз құрылысты аяқтайтын конкурсты жариялауға дайынбыз. Ол объектіні аяқтайтын қаржы да бар», - деді ВАК төрағасы Сергей Хорошун.

Сонымен бірге, ВАК мүшелері 8 проблемалы үлестік құрылыс объектісін қарады: «Көктал» – «Жаңа Көктал» ТҚК, «Жеті Жол» ТК –  «Жеті Жол Успех» ТҚК, «Гарант» ТК –  «Гарант Успех» ТҚК,  «Араби-2» ТК – «Араби-2» ТҚК,  «Акерке-2» ТК,  «PARASAT» (Аниса 2, 3) ТК –  «Наш дом Аниса-2» ТҚК, «Столичный-2» ТК –  «Феникс Столичный» ТҚК, «Гранитный-1» ТК –  «Имбейс» ТҚК.

 «PARASAT» (Аниса 2, 3) және «Көктал» ТК аяқталмай қалған объектілерге қатысты инвесторларды тарту жәрмеңкесі сәтті аяқталды. Қазіргі таңда «PARASAT» (Аниса 2, 3) ТК жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша «ADS строй+» ЖШС мен «Көктал» ТК «Tau project» ЖШС объектісінің құрылысы аяқталуға жақын қалды. ВАК мүшелері жобалаушы компаниясымен бірге «Tau project» ЖШС-мен келісімшарт қорытындысы туралы бекітіп, 15 тамызға дейін төлем жасауды шешті.

Сонымен қатар, Астана қҚалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше «Аниса-2» объекстісінде 5 қабатты кіреберіске екі каркас 3-қабат деңгейіне дейін орнатылған.. 3-5 қабатты кіреберіске 7-ші қабаттағы деңгей, ал «Аниса-3» цокольді этажға дейін 3 кіреберіс, 1-ші кіреберіс 2-ші қабатқа дейін, 5-ші подъезд 1-ші қабатқа дейін орнатылған. «PARASAT» (Аниса 2, 3) ТҰ құрылысы шамамен 2020 жылы аяқталады.

Айта кетейік, отырыста басқа да проблемалы нысандарға қатысты  қаралған құрылыс, құжаттарын рәсімдеуді дайындау жұмыстары, объектіні абаттандыру жоспарлы режимде жүргізілуде.

ВАК отырысының тікелей эфирдегі жазбасын Facebook желісіндегі Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы қауымдастығынан көруге болады:

https://www.facebook.com/astanamediakz/videos/316788625547766/

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109