9166

«Азбука жилья» проблемалық нысанның құрылысын аяқтауға үлкен қадам жасалды

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымы «Азбука жилья»  компаниялар тобының «Гарант» (1-кезек) проблемалық нысанының құрылысын аяқтауға  конкурс жариялады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Ведомствоаралық комиссия мүшелері «Азбука жилья» компания тобының проблемалық нысандарының құрылысын аяқталуы туралы шешім қабылданғаннан кейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымының проблемалы тұрғын үй кешендері құрылысын аяқтауға қатысу тетігі әзірленді.

ВАК мүшелерінің кезектен тыс жиналысында белгілі болғандай, «Азбука жилья» компания тобының «Гарант» проблемалық нысанының құрылысын аяқтау бойынша 5 қазанда бірлескен қызмет туралы үш жақты келісімшартқа қол қойылған.  

«Барлық ұйымдастыру мәселелері шешілді.  «Гарант-Успех» тұрғын үй-құрылыс кооперативі уәкілетті ұйымы мен «ОРДА Инжиниринг» ЖШС басқарушы компаниясы арасында шартқа қол қойылды», - деді ВАК төрағасы Сергей Хорошун.

Осылайша, 8 қазан күні уәкілетті ұйым құрылысты аяқтау бойынша байқау жариялады.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Жеті-Жол» проблемалық объектісінің қаржы моделін және шарт жобасы әзірлеу бойынша бірлескен қызмет қарастырылуда. «Азбуки жилья» компаниясының басқа да «Комсомольский», «Айсанам Де Люкс», «Комфорт Успех», «Садовые Кварталы»  проблемалық нысандарының тиімділігін қарастыру үшін уәкілетті ұйымға жобалық-сметалық құжат, жұмыс жобасының барлық бөлімдеріне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы және қалған ішкі, сыртқы жұмыстар, инженерлік желілер, қаржылық аудит жасалуы керек.  

ВАК отырысын «Facebook» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көруге болады.
 
https://web.facebook.com/astanamediakz/videos/245743926068258/

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109