Нұр-Сұлтан әкімдігі https://astana.kz/kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы kz Нұр-Сұлтан әкімдігі https://astana.kz/site/img/site-logo/logo-alt-kz.svg https://astana.kz/kz/news/news/28213 Tue, 27 Jul 2021 09:15:00 +0600 Жол жөндеу: Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ қиылысында көлік қозғалысы жартылай жабылады
Жол-жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 27-29 шілде аралығында М3 көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына қарай оң жақ бұрылыс съезінде, сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне қарай оң жақ бұрылыс съезінде көлік қозғалыс ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/c144355b6abac142124ea04c16206cfc.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28212 Mon, 26 Jul 2021 15:19:00 +0600 Елордада демалыс күндері сұлулық салондары, фитнес-орталықтар және бассейндер жұмыс істемейді
Елордада сұлулық салондары, шаштараздар, "барбер шоп" дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл жағдайда келушілерді қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жүргізілуі керек.

Сонымен қатар, қалада бірқатар кәсіпкерлік нысанның жұмыс тәртібі қысқартылды. Осылайша, "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтарға, спорт нысандарына, бассейндерге, сауналарға, СПА-орталықтарға сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

"Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын ұйымдастыру күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Айта кету керек, карантинді қатаңдату – елордадағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус ауруының өсуіне байланысты мәжбүрлі шара.

Қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, қол қойылған құжат бойынша дәмханалардың, мейрамханалардың, кофеханалардың және асханалардың жұмыс уақыты қысқарды.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/8caa71145aabf254c7beb56593808c6a.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28211 Mon, 26 Jul 2021 14:16:00 +0600 Нұр-Сұлтанда қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарды
Жаңа қаулыға сәйкес мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар, сол сияқты ашық ауада жұмыс істейтін орындар орналасқан жеріне қарамастан, енді дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Бұл ретте «Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін мекемелер дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істесе, сенбі-жексенбі жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал тамақты жеткізу және өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүргізіледі.

Сол сияқты асханалардың жұмыс істеу уақыты да өзгерді. Оларға келушілерді дүйсенбі-жұма күндері таңғы 7-ден 17:00-ге дейін қабылдауға рұқсат етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес елорданың бас санитарлық дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысы қабылданды.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/3ab6716b6ef9ecc78d75e57b1ec21805.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28210 Mon, 26 Jul 2021 13:17:00 +0600 Реанимацияға вакцина алмағандар түсіп жатыр – Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы
«Біздегі реанимациялық төсектер 84%-ға толды. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алмаған, ауыр күйде жатқан 248 пациент бар. Оның ішінде 77 адам өте ауыр халде жатыр. Науқастардың басы-қасында жүргендіктен бұл көрсеткіш қатты алаңдатып отыр. Біз өткен жылғы ең ауыр күйге жетейін деп қалдық», - дейді басқарма басшысы.

Тимур Мұратовтың айтуынша ауыр күйде жатқандар арасында қарт кісілер ғана емес 35 жастағы науқастар да бар.

«Вирус жаңа штаммдарға мутацияланып отырады, ал әрқайсысында науқастар жастар арасында жиілейді. Қазір жастар да, тіпті балалар да аурудың ауыр күйіне ұшырай бастады. Екі-үш күн ішінде пациенттердің денсаулығы нашарлағаны соншалық жасанды тыныс алу аппаратынсыз өмір сүре алмайтын күйге жетеді. Реанимациядағы барлық пациенттің мұндай жағдайға түсуінің себебі – вакцинацияланбаған. Бірақ олар мұны кеш түсінді», - деп атап өтті Т. Мұратов.

Тимур Мұратов қала тұрғындарын уақытында вакцинациядан өтуге, осы арқылы өздерін инфекция жұқтырудан қорғауға шақырды.

«Құрметті азаматтар! Ойланып және күтіп отыратын уақыт жоқ! Қазір вакцинация алу өте маңызды, әйтпесе кеш болуы мүмкін. Бізге, яғни дәрігерлерге, КВИ-ге байланысты қайтыс болғандар статистикасын жариялау, туыстарына жақыны келмеске кеткенін айту оңай емес. Өткен жылы біз пандемияны жеңудің барлық жолын іздеген едік, ал қазір қолымызда бар, ол – вакцинация. Осы арқылы ғана біз аурудың қиын кезеңінен шыға аламыз», - деп қорытындылады қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/06a9b4dadb4775fb714b9cabead25b9f.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28209 Mon, 26 Jul 2021 12:55:00 +0600 Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады
Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинациядан өткендердің ID генерациясымен таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық атсалысты. Бұл сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Ал «MEGA Silk Way» СОО-ның вакцинация пунктінде екпе алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі апта сайын тікелей эфирде iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізеді. Бағалы сыйлықтың бәрі демеушілер есебінен ойнатылады.

Ұтыс ойындары азаматтарды вакцина алуға ынталандыру үшін өткізіледі. Санитарлық нормалар мен вакцинация сіздің денсаулығыңызды, айналаңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

акцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады. Ұжымдық иммунитет елорда мен тұрғындарын ешбір шектеусіз, карантинге дейінгі қалыпты режимге қайта оралуға мүмкіндік береді.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/f61864f714f1d9d668dc4dbc6f315d18.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28208 Mon, 26 Jul 2021 12:50:00 +0600 Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтар ойнату жалғасып жатыр
Осылайша, екі iPhone 12-нің жеңімпаздары: №8787 – Самал Нүкенова және № 5455 – Артур Шпехт.

«Sulpak» дүкенінен тоңазытқышының жеңімпазы: №8089 – Құртқа Тәжібаева;
«Sulpak» дүкені теледидарының иегері: №13252 – Мақсат Қойкенов;
«Sulpak» дүкенінің микротолқынды пеші: №183 – Татьяна Билецкая.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын елорда әкімдігі апта сайын, жаздың соңына дейін өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, iPhone12-нің алты данасы және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойыны 9, 17 және 24 шілде күндері өтті. Ұтыс ойынының жүлделері демеушілер есебінен өткізіледі.

Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакцинацияланғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлік ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО және сауда үйлері.

Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Ал «MEGA Silk Way» СОО-ның вакцинация пунктінде екпе алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру, осылайша өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/f08220965f7027bd670400ded4ce37b6.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28207 Mon, 26 Jul 2021 12:49:00 +0600 Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар жұртшылықты вакцинациялауға шақырады
«Strong mothers» (Мықты аналар) қорының қызметкерлері көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен жұмыс істейді. Қиын күндері әкімдіктің қолдауымен жалғыз басты аналарға және халықтың өзге де осал топтарына жан-жақты көмек көрсетеді. Олар қазіргідей жаппай вакцинация кезінде екпе алып, иммундаудан өтуге шақырды.

«Біздің қор көпбалалы, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдаумен айналысады. Оқу орталығында балаларға ағылшын тілін, шахмат, домбыра, гитара ойнауды, ментальді арифметика, робототехника және өзге де көптеген нәрселерді үйретеміз. Елорда әкімдігіне біздің қорға қолдау көрсеткені және жалпы әлеуметтік осал отбасыларды қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың көмегінің арқасында балаларымыз күлімсіреп сабағына барып, оқуға мүмкіндік алды. Әрине, елімізге ғана емес бүкіл әлемге пандемия қиындық тудырып тұрғанда шетте қалмай, вакцинациядан өту туралы шешім қабылдадық. Өзіміз үлгі көрсетіп, жақындарымызды қорғағымыз келеді. Ел тұрғындарын вакцинаның екі компонентін алуға шақырамын. Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырмайынша, бұл ауруды жеңе алмаймыз», - деді 4 баланың анасы, «Мықты аналар» қорының құрылтайшысы Ұлжан Мырзагелдиева.

Көпбалалы аналар коронавируспен қазір балалар жиі ауыра бастағанын айтты. Вирус ешкімді таңдамайды, үлкенге де, кішіге де қауіпті. Оның зиянынан тек вакцинация арқылы қорғануға болады.

Айта кетейік, елордада иммундау жүйесіне күмән келтіретіндер қатары азайып келеді. Қала тұрғындары жаппай вакцинацияны қолдайды, осылай ғана қауіпті вирустың зардаптарынан өзін және өзгелерді қорғауға болатынын біледі.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 326 мыңнан астам адам алды, ал 219 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/4f847fe8fdfd240e79c55c733f68e478.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28206 Mon, 26 Jul 2021 11:13:00 +0600 Нұр-Сұлтанда үш күн ішінде 70-тен астам кәсіпкерлік нысан карантин шектеулерін бұзды
Сарыарқа ауданында өткен тәулікте 7 кәсіпкерлік нысанында тəртіп бұзушылықтар тіркелді. "Астория", "Астандыр", "Стамбул", "Барашка" кафелерінде, "О Азамат ", "Арман қала" мейрамханаларында, Кубрин көшесіндегі ойын клубында карантин режимі сақталмады.

Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін "Ragnarok" компьютерлік клубы жұмысын жалғастырды. Байқоңыр ауданында орналасқан "Zara" түнгі клубы да осындай тəртіп бұзушылыққа жол берген.

Карантин талаптарын бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кетейік, өткен екі күнде, 23 және 24 шілдеде қалада карантин шектеулерін бұзғаны үшін 67 кәсіпкерлік нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Күн сайын мониторинг топтары қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында санитарлық нормалар мен шектеу шараларының сақталуын тексереді. Кейбір елордалық мекемелер жауапкершілікке тартылатынына қарамастан, санитарлық нормалар мен карантин талаптарын ескермейді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын қалада коронавирустың 1300 жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Сол сияқты бетперде тағу, адам көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болу және т.б. ұсынылады.

Бұл ретте қауіпті вируспен күресу үшін бір ғана карантин талаптарын сақтау жеткіліксіз, халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/eb75722c0bba6ae29bb0a056ac58fcbb.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28205 Mon, 26 Jul 2021 11:02:00 +0600 Нұр-Сұлтанда «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 100 отбасыға көмек көрсетілді
«Жүректен жүрекке» акциясында көпшіліктің, еріктілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және жалғызбасты жандарға материалдық көмек көрсетіледі. Азық-түлік себеттерінде балаларға арналған тәттілер, отбасыға қажетті дүниелер салынған. Біздің мақсатымыз – олардың материалдық жағдайын түбегейлі өзгертпесек те, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аз да болса жақсы көңіл-күй әрі қуаныш сыйлау», – дейді акцияны ұйымдастырушы Алпамыс Шаримов.

Қайырымдылық акциясында 100 белсенді жас әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасыға сыйлыққа толы қорапша таратты.

«Әкімдік пен еріктілерге азық-түлік түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, көмек көрсеткендеріңізге рақмет!» – дейді жалғызбасты ана Ақтоты Нұрланқызы.

«Бізді естен шығармайсыздар, осы жолы да көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Баршаңызға амандық тілеймін!» – деді еріктілерге риза болған Нұрлан Ештайұлы.

Айта кетейік, елорда әкімдігінің бастамасымен Нұр-Сұлтанда соңғы жарты жыл «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатыр. «Игі істер» марафоны аясында еріктілер, әкімдік қызметкерлері, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, бизнесмендер мұқтаж азаматтарға, яғни көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілді.

Сол сияқты жақында Құрбан айт мерекесі күндері мыңдаған отбасыға құрбандық еті үлестірілді.

«Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында жыл басынан бері елордада 300-ден астам түрлі форматтағы іс-шара жүзеге асырылды. Атаулы әлеуметтік көмек пен қолдау 66 мыңнан астам адамға көрсетілді.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/ddc29f7f4ebcdbe71c0f111174cf32a8.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28204 Sun, 25 Jul 2021 20:13:00 +0600 Маска режимі сақталмайды, адам саны көп және түннің бір уағына дейін жұмыс істейді: Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 39 нысанда карантин талаптары бұзылды
Күн сайын мониторинг топтары қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында санитарлық нормалар мен шектеу шаралары сақталғанын анықтайды.

2021 жылғы 1 қаңтар мен 23 шілде аралығында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 163 млн теңгеге 822 жеке, заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тек бір тәулік ішінде, 24 шілдеде 39 нысанда карантин бұзылғаны анықталды. Мекеме қызметкерлері маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтаған жоқ, сонымен қатар келушілердің жаппай жиналуына жол берілді.

Сарыарқа ауданында бұл тізімге «Стамбул», «Бармалей», «Ай», «Султаншы», «Севда» кафелері, «Мята» лаундж-бары, «Счастье», «О Азамат» мейрамханалары, Бейсекова көшесіндегі аксессуарлар дүкені кірді.

Есіл ауданының мониторингтік тобы 12 нысанда: "Aura Verdant", "Сексеуіл", "La Terrazza", "Veranda" мейрамханаларында, "Rayan", "Opus One", "Baoli" кафелерінде, "KartMax" картинг-клубында, "Koleso" барында, "Zima" барлар галереясында, "Maktub" шығыс кофеханасында және Желмай көшесіндегі монша кешенінде карантин бұзылғанын тіркеді.

Алматы ауданында орналасқан тағы 6 мекеме шектеу шараларын елеген жоқ. Оның ішінде "Бақ Сарай", "АқОтау" мейрамханалары, "Шашлычка" кафесі, "Карима" палау орталығы, "Солт" бары, "Мята" лаундж-бары бар.

Байқоңыр ауданында тәртіп бұзушылар тізіміне "Шифу", "Пошашлычим" кафелері, "Арзан", "Орчестра", "Элсан", "Манго", "Explore", "12 ай", "Автодом", "Астықжан" СО, "Алаш" СҮ, "Биг Шанхай" базары енді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын қалада коронавирустың 1300 жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Сол сияқты бетперде тағу, адам көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болу және т.б. ұсынылады.

Бұл ретте қауіпті вируспен күресу үшін бір ғана карантин талаптарын сақтау жеткіліксіз. Халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңызы зор.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/cb90aff19c30b47865c155b49e77b13c.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28203 Sat, 24 Jul 2021 22:38:00 +0600 Реанимацияда орын жоқ: елордалық дәрігерлер ковидтік стационардағы жағдайды көрсетті
Кадрлардың бірінде әрең дем алып жатқан ер адамның кеудесі көрсетілген. Пациенттің өздігінен дем ала алмай, арнайы аппаратқа қосылғанын көруге болады.

Зейнеткер Мәдина Сыздықова жұбайымен бірге босаңсып, қауіпті вирусты ұмытып кеткенін мойындады.

«Жұбайым екеуміз қауіпсіздік шараларын сақтап жүргенде бәрі жақсы болатын. Құрметті азаматтар! Мен сіздерді коронавируспен ауырған адам ретінде бұл ауруға жүрдім-бардым қарауға болмайтынын ескертемін. Вирустық инфекция өте қауіпті. Қорқатындай-ақ қауіпті! Енді жұбайым екеуіміз ем алып, осы ауруханада жатырмыз», — деп қорытындылады 68 жастағы Мадина С.

Инфекциялық стационарға қайта бейінделген Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері Айнұр Омарова қала тұрғындарына үндеу жолдап, инфекцияның қауіптілігін еске салды.

«Жағдайдың ауыр екенін алдыңғы шепте күресіп жүрген бізден естігендеріңізді қалаймын. Ауыр науқастар көп, реанимациялық төсектің біреуі де бос емес. Індет жұқтырған балалар көп. Өз денсаулығыңды, өзгелердің денсаулығын қорғаудың жолы — санитарлық нормаларды сақтау және вакцинация. Вакцинация ғана аурудың ауыр күйінен және ИВЛ аппаратынан қорғайды. Вакцинация сізді де, айналаңыздағы жандарды да сақтайды», — дейді дәрігер.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/24cf1603f90dcdcf7117e1a7e569faa4.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28202 Sat, 24 Jul 2021 16:26:00 +0600 Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады
«Азаматтарды кезекті рет қабылдадым. Өзара байланысты нығайту үшін азаматтарды апта сайын қабылдаймыз. Бұл қала тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Жеке қабылдауға 10 адам қатысты. Кездесу барысында 30-дан астам сұрақ қамтылды.

Негізгі сұрақтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, білім алу, медициналық көмек және т.б. қатысты», — деп жазды елорда әкімі.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/cea6f31fd31bebb6379e850c78441563.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28199 Sat, 24 Jul 2021 16:17:00 +0600 Нұр-Сұлтанда ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді
«Жылу электр орталықтары – қаланы жылумен, электр қуатымен және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық нысандар. Қаланың күн санап өсіп келе жатқанын ескере отырып, ЖЭО қуатын арттыру қажет.

Бүгін ЖЭО-3 құрылысының барысымен таныстым. ЖЭО-3 бойынша жобаға түзету жүргізілді, құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде су жылыту қазандығы да қалпына келтірілді. Нысанды іске қосу 2022-2023 жылғы жылыту маусымына жоспарланып отыр, қуаттылығы – сағатына 420 гигакалориядан астам. Бұл 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде әлеуметтік нысандарды, әкімшілік ғимараттарды және т.б. жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Жұмысты сапалы жүргізіп, қарқынын арттыруды тапсырдым.

Сонымен қатар, қаланы газдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында биыл екі газ қазандығының құрылысы басталады. Олардың қуаты ЖЭО-3 қуаттылығынан екі есе артық. Қазандықтар бірінші кезекте жылу тапшылығы болуы мүмкін учаскелерді қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ, қолданыстағы жылу электр орталықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде: ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де төрт су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Жыл соңына дейін қалған су жылыту қазандықтарын толықтай газға ауыстырамыз.

Жылу электр орталықтары мен газ қазандықтары бойынша жүргізілетін жұмыстар болашақ құрылыс аудандарын жылумен қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ экологияға оң әсерін тигізеді.

Бұл мәселелер ел басшылығының бақылауында», — деп жазды елорда әкімі.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/ca57095b332975addb95f9a77775e261.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28198 Sat, 24 Jul 2021 15:37:00 +0600 «Қорқынышпен өмір сүруден шаршадық» – елорда тұрғындарын вакцинациялауға шақырды
Нұр-Сұлтанда күн сайын КВИ жұқтырған науқастар қатары көбейіп келеді. Өткен тәуліктің өзінде 1500-ден астам науқас анықталды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Осыған байланысты карантиндік шаралар күшейтіліп, демалыс күндеріне арнайы шектеулер енгізілді. Дегенмен вакцинация арқылы ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, бұл шаралар инфекцияның өсуін тоқтатпайды.

Иммундауды медицина қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, белгілі спортшылар және елорда тұрғындары қолдайды:

«Мен вакцинацияны қолдаймын. Вакцинаның бірінші компонентін алдым, жақында екіншісін аламын. Бала күнімізде бәріміз БЦЖ секілді вакцинация алдық. Менің ойымша, бұл вакцина да сол сияқты. Дәрі-дәрмектерді ғалымдар, мамандар әзірлейді, оларға сенуге болады және маңызды деп санаймын», - деді елорда тұрғыны.

Елорданың өзге тұрғындары да өз ойын анық жеткізді:

«Бәрі вакцинациядан өтуі керек. Вакцина алмағандарды қылмыскер деп санаймын. Себебі өзгелердің қауіпсіздігі үшін әлеуметтік жауапкершілік болуы керек. Вакцинацияны пандемиямен күресудің ең дұрыс әдісі деп санаймын. Адамзат бүгінге дейін ауыр жұқпалы ауруларды вакцинамен жеңді. Біз ғылымға сенеміз».

Қала тұрғындарының көпшілігі вакцинацияға оң көзқараспен қарайды. Себебі елде және бүкіл әлемде пандемия өршіп тұрған кезде, халықтың денсаулығын сақтаудың жалғыз әдісі – вакцина арқылы иммундау.

«Әпкем де, өзге де туыстарым медицина саласында жұмыс істейді. Бәріміз екпе алдық. Ешқандай жағымсыз әсері байқалған жоқ», - деді елорда тұрғыны.

«Менің ойымша, вакцинациядан басқа емделудің тиімді әдісі жоқ. Бұл туралы жұрттың пікірі әртүрлі. Бірақ даудың себебін әлі күнге түсіне алмаймын. Вакцина алуымыз керек. Өзге жандардың денсаулығын қатерге тігуге болмайды», - дейді тағы елорда тұрғын.

Қала тұрғындарының бір бөлігі вакцинацияға қарсы шығу арқылы өзіне ғана емес, өзгелердің денсаулығына да қауіп төндіретінін жеткізді:

«Қорқынышпен өмір сүруден шаршадым! Вакцина ғана індетті жеңетінін жұрт қашан түсінеді екен!? Вакцинацияланбағандар өзіне ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіреді!»

Айта кетейік, 24 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 325 мыңнан астам адам алды, ал 215 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/5483c58475d308290b92a851979caf80.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28197 Sat, 24 Jul 2021 14:01:00 +0600 Демалыс күндері елордалық автобустарға дезинфекциялау жүргізіледі
№3 автобус паркінде қоғамдық көліктерді залалсыздандыру жұмысы қалай жүргізілетіні айтылды.

№3 автобус паркі 8 қалалық маршрутқа қызмет көрсетеді, күн сайын желіге 114 автобус шығады.

«Жылжымалы құрамды дезинфекциялық өңдеу күніне бірнеше рет, яғни үзіліс кезінде жүргізіледі. Өңдеу жұмысы адам денсаулығына қауіпсіз 1% хлор ерітіндісімен жүзеге асырылады. Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың өсуіне байланысты демалыс күндері автобустар толық өңдеуден өту үшін тоқтайды. Сенбі және жексенбі күндері дезинфекторларымыз автобустарды бірнеше рет ауқымды түрде өңдейді. Мұны жалпы тазарту деп айтуға болады. Дезинфекциялық құралдар жеткілікті мөлшерде сатып алынды», - деді №3 автобус паркінің директоры Нұрбол Ысқақов.

Автопаркте арнайы оқытылған дезинфекторлар жұмыс істейді.

«№3 автобус паркінде 2019 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Пандемия басталысымен дезинфекторларға арналған оқудан өттім. Мұнда алты дезинфектор ауысыммен жұмыс істейміз. Автобустар жуылған соң ғана дезинфекцияланады, содан кейін дымқыл тазалау жүргізіледі. Біз тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылар жиі ұстайтын жерлерді сүртеміз. Бір ауысымда орта есеппен 40 автобусты өңдейміз», - деді автопарктің дезинфекторы Әсемгүл Қасенова.

Оның айтуынша, жұмыс күндері әр автобус күніне кемінде екі рет өңделеді. Ал дезинфекциялық өңдеуден өтпеген көлік желіге шығарылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлікте маска режимін қатаң түрде сақтау талап етіледі. Маскасыз кіруге тыйым салынады. Ал жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратындар саны күн сайын көбейіп келеді. Күн сайын КВИ жұқтырған 1000-нан астам науқас анықталады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала тұрғындары мен қонақтары саннормалар мен гигиена ережелерін қатаң сақтап, адам көп жиналатын орындарға бармауы тиіс.

Пандемиямен күресудің жалғыз жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін 325 мыңнан астам адам алды, ал 215 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/fb0df6ad407c8930b89c941d9de4af39.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28196 Sat, 24 Jul 2021 13:31:00 +0600 Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 28 мекеме карантин талаптарын бұзды
Өткен тәулікте, яғни 23 шілде күні мониторингтік топтар карантинді бұзған 28 кәсіпкерлік нысанын анықтады.

Карантин талаптары негізінен Байқоңыр ауданындағы мекемелерде сақталмайды. Мұнда 12 нысанда санитарлық нормалар мен жұмыс режимі бұзылғаны анықталды. Олар: Республика даңғылындағы лото клуб, «Пусан» кафесі, «Астықжан», «Орчестра», «Арзан», «Элсан», «Манго», «Explore», «12 ай», «Автодом», «Алаш» сауда орталықтары, «Биг Шанхай» базары.

Алматы ауданында орналасқан «Арзу» шайханасында, «Семей» кафесінде, «Алания», «Анкара» түнгі клубтарында, «ЭХО» жазғы барында карантиндік шектеулер ескерілген жоқ.

Есіл ауданында «Рыба Пила», «Inforno» мейрамханалары, «Панаехали», «Chechil Pub» барлары және «Quartet» караоке-клубы белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеп, келушілерді қабылдады.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы 6 мекемеде: «Қазығұрт», «Шашлычок», «Дублин», «Нирвана» кафелерінде, «PivBar» сыра барында, «Мята» лаундж-барында карантин бұзылғанын анықтады.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Коронавируспен ауыратындар күн сайын артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде Нұр-Сұлтанда КВИ жұқтырған 1500-ден астам науқас анықталды. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары карантиндік және шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанның санитарлық дәрігерлері карантинді қасақана бұзатын мекемелердің тізімін жариялаған болатын.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/4b4165dc8a01a12af9adaef491b5805e.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28195 Sat, 24 Jul 2021 10:22:00 +0600 Нұр-Сұлтанда 24 шілде күні вакцинацияланғандар арасында екі iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың кезекті ұтыс ойыны өтеді

Ұтыс тікелей эфирде 24 шілде (сенбі) күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында өтеді. Елорда әкімдігі iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын, жаздың соңына дейін өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, төрт iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны 9 және 17 шілдеде өтті. Ол кезде автоматты ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап 16 шілдеге дейін екпе алғандар қатысты. Жүлделердің ұтыс ойыны демеушілер есебінен өткізіледі.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол вакцинацияланғандар арасында ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Айта кету керек, вакцинацияланғандар сервисі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өтуде. Олардың арасында екі бөлмелі пәтер де бар. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған әрі 18 жастан асқан қала тұрғындары елордада екі бөлмелі пәтер ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ.

Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО-дағы вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын, жақындары мен айналасындағы жандардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/0d18ec0fcacfa859419749deea72914e.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28194 Fri, 23 Jul 2021 22:13:00 +0600 Нұр-Сұлтанда «қызыл» статусы бола тұра оқшаулау тәртібін бұзғандар тізімі жарияланды
Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдардың оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Себебі, эпидемиологиялық ауыр күндерде тәртіпті сақтау – әрбір адамның азаматтық міндеті. Бұл тек өзі үшін ғана емес, өз балаларының, отандастарының және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін де жауапкершілік.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлер тиісті шарттарды сақтауы тиіс. Бұл қала тұрғындарын коронавирустық инфекцияны жұқтырудан қорғайды.

Нұр-Сұлтанда «қызыл» статусы бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімі:

1. Купряшин Дмитрий Сергеевич – Байқоңыр ауданы;

2. Жораев Асан Бахадырұлы – Байқоңыр ауданы;

3. Момынқұлов Үсен Беренбайұлы – Байқоңыр ауданы;

4. Баялинов Данияр Төлеутайұлы – Байқоңыр ауданы;

5. Қабылбекова Динара Әмірқызы – Байқоңыр ауданы;

6. Джаналиева Азель Куашишбековна – Есіл ауданы;

7. Аманжолова Арайлым Маратқызы – Есіл ауданы;

8. Сандыбаев Дархан Зиятұлы – Сарыарқа ауданы;

9. Қонысбай Кәмшат Ермұратқызы – Сарыарқа ауданы;

10. Сәкен Мейрамгүл – Сарыарқа ауданы;

11. Үсенбаева Гүлнәр Алтайкызы – Сарыарқа ауданы;

12. Құсайынов Асхат Мұратбекұлы – Алматы ауданы;

13. Турдинова Мариям Исакановна – Алматы ауданы;

14. Аяпбергенова Мадина Нұржанқызы – Алматы ауданы;

15. Пардабекова Ақерке Тайланқызы – Алматы ауданы;

16. Дәулетханова Әйгерім Ерланқызы – Алматы ауданы;

17. Сартекова Аймагүл Қайырқызы – Алматы ауданы;

18. Ғизатов Зуфар Ринатұлы – Алматы ауданы.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/6984a6abea11bb6d46aee9dd219b59a3.jpeg https://astana.kz/kz/news/news/28191 Fri, 23 Jul 2021 21:25:00 +0600 Нұр-Сұлтанның санитарлық дәрігерлері карантинді қасақана бұзатын мекемелердің тізімін жариялады
Осылайша, Нұр-Сұлтанның санитарлық дәрігерлері шектеу шараларын қасақана бұзатын мекемелерді атады.

«Ashyq» жобасына қатысқанмен шектеу және карантин шараларын бұзатын нысандар: «Панаехали», «Чечил Паб», «Chili Grill», «Колесо», «ХЗ» барлары, «Plaza Di Astana» салтанат сарайы, «Inforno» мейрамханасы, «Мята» лаундж-бары, «Текила», «Алания» караоке-мейрамханасы, «Жеті қазына» мейрамханасы, «Адлер» қонақ үйі, «Janymsoul» караоке-клубы, «Грузин Кузин», «VinoGrad» мейрамханалары, «Будапешт» кафе-бары, «Marrone rosso» кофеханасы, «Кавказская пленница».

Ал «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарда жұмыс режимі бұзылып, келушілер саны белгіленген мөлшерден асып жатады. Сол сияқты әлеуметтік қашықтық сақталмайды. Олар: «seka food» кафесі, «1001 түн» рестобары, Республика даңғылындағы «Игровой клуб», «Chim chi» кафесі, «Winnie ПИХ» лаундж-бары, «ShuBar» бильярд клубы, «Bombay Grill & More» бильярд клубы, «Аll stars», «PS5», «Respawn» ойын клубы, «Barrus bar», «Brauer» бары және т. б.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 271 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. КВИ инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс. Вакцинация өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/f3d01014643e70a223135ce53c223e4b.jpg https://astana.kz/kz/news/news/28190 Fri, 23 Jul 2021 20:48:00 +0600 Нұр-Сұлтанда жаңа қалалық бағдар іске қосылады

«Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту үшін 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа №30 қалалық бағдар іске қосылады.

Бағдардың қозғалыс уақытын 1 тамыздан бастап 2GIS қосымшасы арқылы қадағалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, елордада қоғамдық көліктің жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады. Бұл күндері автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Айта кету керек, автобустарға тек бетперде тағу арқылы кіруге рұқсат етіледі, ал жолақысы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/0d69448598846a615eb33a2d8ecc1cad.jpg