«Шәмші» элегия Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1) Автор: Серік Тұрғынбекұлы Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов Хормейстер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев Музыкамен көркемдеген: Олжас Дәлелхан, Айша Сырымбай Хореограф: Адыл Эркинбаев Киім суретшісі: Алма Сырбаева Актерлер құрамы: Шәмші рөлінде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл, Муза рөлінде - Маржаннұр Макибаева. Жанр: элегия Ұзақтығы: 90 мин Жас шектеуі: 12+ «Вальс королі» атанған ұлы композитор қиялы нені аңсады, жаны неден күйзелді, неге құстай талпынды?! Айтулы ақын Серік Тұрғынбекұлы «Шәмші» атты туындысын текті туған дара дарынның ешкімге ұқсамайтын тылсым табиғатына үңілуге, жан сарайының психологиялық иірімдеріне мән беруге ұмтылған. Шынайы талант иесі қашанда қорғансыз, тіршілікке икемсіз екен. Шәмші деген төгілген ән-әуен ғой. Спектакль сарыны Шәмші әндері арқылы ашылады.