Қойылым тобы Қоюшы режиссёрі — Іңкәр Кәрімова Қоюшы хореографы — Камила Бузанова Қоюшы суретшісі — Іңкәр Кәрімова Музыкамен көркемдеген — Осман Абайділдә Жарық суретшісі — Асылбек Оспанов Режиссёр ассистенті — Айза Абельбасова Редакторлар — Нұрлыгүл Ғалымжанқызы, Айза Абельбасова Кейіпкерлер мен орындаушылар: 1-актриса — Нұрай Рысбекова, Дана Верещак 2-актриса — Лаура Аязбаева, Дана Қабылова 3-актриса — Аружан Темірханова 4-актриса — Майра Марғұланқызы 5-актриса — Айдана Болат, Жансұлу Төлеген 6-актриса — Айя Дарибаева, Аружан Бағзат 7-актриса — Айдана Жетешова, Альфия Хайзуллиева «Ана жолы» — деректі театр мен заманауи сахна тілін ұштастырған пластикалық-музыкалық спектакль-перформанс. Пьесаның авторы әрі қоюшы режиссёрі — Іңкәр Кәрімова. Спектакльде жас актрисалар өз аналарының өмір жолын, бастан кешкен қиындығы мен сырын баяндайды. Отбасылық естеліктер мен оқиғалар арқылы әйел тағдыры, ана мен қыздың байланысы, қоғамның әйелге қоятын талабы туралы шынайы әңгіме өрбиді. Кейіпкерлер аналарының хикаясын айтып қана қоймай, олардың таңдауы мен өмірлік ұстанымына өз көзқарасын білдіреді. «Ал біз аналарымыздың орнында болсақ, қандай өмір сүрер едік?» деген маңызды сұрақ туындайды. «Ана жолы» — көрерменді дайын жауапқа жетелемейтін, керісінше өз анасы, өз отбасы және ХХІ ғасырдағы әйел тағдыры туралы ойлануға шақыратын қойылым. Спектакльде көрерменмен тікелей қарым-қатынас орнап, сахна мен зал арасындағы шекара бұзылады. Пластика, музыка, деректі мәтіндер мен манифест тоғысқан спектакль — қыз, әйел, ана атаулыға деген құрмет пен алғыстың сахналық көрінісі.