Тәрбиеге тал бесіктен қамданған қазақ үшін ұлт мұраты мен ұрпақ бақыты қашан да қатар өрілген. «ұлттың ұстыны – ұл, келшегі – қыз» деп барын да, бағын да ұрпағымен байланыстырған сол елдің ертеңі жаһандану жағдайына бейімделіп, құндылықтары құрдымға кетсе, оған кім кінәлі? Күйеу баласын күтіп, күпті болған көңілдің беймаза күйін баяндайтын қойылымның көрерменіне ғана емес, тұтас қазақ қоғамына ой саларлық айтары мол.