Ұлттың үнжарияшысы Қазақ радиосына — 105 жыл! Ғасырдан бес жыл асқан радио әр қазақтың есінде де, жүрегінде де мәңгі қалды. Бабаларымыз тыңдаған радио бүгінге дейін әуе толқынында сайрап тұр. Ендеше Қазақ радиосының мерейтойын бірге тойлайық. Әсем әрі әсерлі, сазға толы кештің куәсі болыңыздар! Кешті ұйымдастырушылар: «Қорқыт» этноансамблі, көркем жетекшісі Шолпан Қорғанбек және радио жүргізушісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Гүлмира Нәлібай