«Себепсіз, себеп-сіз?» қойылымы жас жүректердің махаббатқа деген түрлі көзқарасын, шаттық пен күмәннің, сенім мен қорқыныштың қақтығысын көрсетеді. Әр кейіпкер өз «себебін» іздейді, бірақ соңында нағыз махаббаттың себебі болмайтынын түсінеді. Жанды дауыста шырқалған әндер мен шынайы сезім арқылы спектакль көрерменге «Махаббат — мінсіздік емес, өзіңді табу жолы» деген ой қалдырады. Жүректен шыққан себепсіз махаббат сахнада осылай көрініс табады. Ал бәлкім, себеп — сіз? Автор: Ерсін Сәрсенбеков Режиссёр: Ерсін Сәрсенбеков