Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ Өтетін орны : Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық сазды-драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1) Бас дирижёр : Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Бейсембаев Солист : Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измаилов (фортепиано) Жанр : концерт Ұзақтығы : 90 минут Жас шектеуі: 12+ 7 қарашада сағат 18:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық сазды-драма театрының сахнасында «Классикалық музыка кеші» өтпек. Бағдарламада Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» тақырыбына жазылған симфониялық фантазия (өңдеген Ренат Салаватов), Николай Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» операсының увертюрасы, сондай-ақ әлемдік классиканың жауһарларының бірі Сергей Рахманиновтың ре минор, фортепиано мен оркестрге арналған № 3 концерті (30-шығарма) орындалады. Бағдарламаны театрдың симфониялық оркестрі орындайды. Бас дирижёр — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Бейсембаев. Солист — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измаилов (фортепиано).