Сахналаған: М. Аргимбаева Қоюшы режиссёр: ҚР еңбек сіңірген әртісі К. Ешмуратова Классикалық музыка сүйемелдеген, шытырман хикаялар мен қызықты сюжетке толы баршаның сүйікті «Щелкунчик» ертегісін қуыршақтардың орындауында тамашалаңыздар. Гофманның ертегісі көз алдыңызда қайта жанданбақ! Жаңа жыл қарсаңында Мари есімді қыздың сүйікті ойыншықтарына жан бітеді. Алайда оларға Егеуқұйрықтар патшасы мен оның әскері қауіп төндіреді. Бас кейіпкерлер Қуыршақ патшалығын құтқарып, Егеуқұйрықтар патшасын жеңе ала ма?