«ҚҰТТЫ БОЛСЫН!» «Екі Езу» сатира театрының жаңажылдық әзіл-думанды бағдарламасы Астана, біз сіздерге қайта оралдық! 10 жылдық үзілістен кейін 30 жылдық тарихы бар «Екі Езу» сатира театры елорда төрінде жаңа бағдарламасын ұсынады! «Құтты болсын!» — өмірдің өзінен алынған оқиғаларға құрылған сатиралық қойылымдар, күлкілі көріністер мен ұтымды әзілдерге толы ерекше кеш. Күнделікті тіршіліктегі қызықтар мен қоғамдағы түрлі құбылыстарды әзілмен өрнектеген қойылымдар сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырары анық. Кеш қонақтары: • Әлиғазы Төртқара • Жандос Қаржаубай • Азамат Бекбергенов • Дулат пен Рита • Бағдат Балмағанбетова • Гүлфайруз Хасен • Бауыржан Орда Жаңа жыл қарсаңында жақындарыңызбен бірге келіп, көңіл сергітіп, күлкіге кенеліңіздер! Өтетін орны: Астана қаласы, Филармония залы (Кенесары көшесі, 32) Күні : 10 желтоқсан Басталуы : 19:00 «Құтты болсын!» — жаңа жылды күлкімен қарсы алайық! Күлкіге толы кеште жүздескенше!