«ROMEO & JULIET» /синема-эпос/ Өшпенділік пен нәзіктік… Адам жүрегінде қатар өмір сүретін екі күш. Бірі - қиратушы, бірі - құтқарушы. Олардың арасында - махаббаттың демі, өзі сияқты нәзік те, тағдыр сияқты қуатты. Шекспир қойған мәңгі сұрақ: нәзіктік өшпенділікті жеңе ала ма - және адамзат сол нәзіктіктің құрбандығына лайық па? Спектакль Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Theatre Avenue бэндінің сүйемелдеуімен өтеді. Автор: Уильям Шекспир Қазақ тіліне аударған: Әбіш Кекілбаев Режиссер: Уланбек Баялиев Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов Киім дизайны: JADO сән үйі мен Театр коллабарациясы: Жадыра Сахиева & Ақбота Қапсалаң Музыкамен көркемдеген: Theatre Avenue бэнді, жетекшісі - Олжас Дәлелхан Хореограф: Салтанат Сұңғат Сахна сайысын қойған: Бекзат Бағытжанов Дыбыс режиссері: Ермахан Мұхтаров, Ұлан Ерланұлы Саунд-дизайн: Theatre Avenue бэнді Жарық қою бойынша суретші: Арсений Макаров, ассистенті Азамат Бекбембетов Бейнеоператор: Жанар Төлеген, Әлім Махамбетов Жанр: синема-эпос Ұзақтығы: 180 минут, антракт бар Жас шектеуі: 16+