«Қара шаңырақ» спектаклі. Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасу» пьесасының желісімен. Бұзылғалы тұрған ескі үй. Бір шаңырақ астында талай жыл бірге өмір сүрген жандар енді жан-жаққа тарамақ. Бірі жаңа өмірге асықса, бірі өткенін қимайды. Өйткені бұл үйдің әр бұрышында олардың балалық шағы, қуанышы мен өкініші, орындалмаған армандары мен айтылмай қалған сырлары жатыр. Доскел үшін бұл — жай ғана ескі үй емес, оның өмірбаяны, ең қымбат естеліктері қалған мекен. Қоштасу сәтінде отбасы мүшелерінің арасындағы ескі реніштер қайта қозғалып, ұмыт қалған сезімдер оянады. Ал бұзылуға санаулы уақыт қалған қара шаңырақ оларды тағы бір мәрте өткен өмірімен бетпе-бет кездестіреді. «Қара шаңырақ» — туған үйдің қадірі, отбасы байланысы, сағыныш пен адам жадында мәңгі сақталатын қымбат сәттер туралы терең драма.