«ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ» /драма/ Ер мен әйел – екеуі екі кеңістік. Екі ғалам. Кейде тағдыр желі сол екі ғаламды түйістіріп, бір-біріне жақындатады. Бірақ түйісу – толық бір болу емес. Әр адам – жалғыз. Сол жалғыздығы – оның өзіне ғана тән ғарышы, құпияға толы ішкі әлемі. Бірінің жарығы - күңгірт, бірінің шырағы - алау. Бірақ әркімнің аспаны – өзінікі... Адам баласы үшін шын мәні бар дүние – өзінен қалған ізі, іштегі жарықтың өзге жүректе жалғасуында… Авторы: Мағжан Жұмабаев Қоюшы режиссері: Гүлсина Миргалиева Қоюшы суретші: Шынар Елембаева Киім суретшісі: Шынар Елембаева Пластика режиссері: Асан Борончинов Хореограф: Карина Джиренбаева Актерлік құрам: Арай Омарова, Қобыланды Болат, Ерғұлан Жанпейісов, Бегімнұр Қалила, Жанат Оспанов, Қайыржан Садықов Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1) Жанр: драма Ұзақтығы: 90 мин Жас ерекшелігі: 16+