Жүктелуде...
Мұқағали Мақатаев — қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, өлеңі халықтың жүрегінен жол тапқан ақын. Оның күнделік беттері — ешкімге айтылмаған сыр, ақынның жан дүниесінің шынайы шежіресі.
Қойылым ақынның күнделігіне негізделіп, оның қуанышы мен мұңын, махаббаты мен жалғыздығын, өмір мен өлең жайлы толғанысын сахна тілімен жеткізеді. Мұқағалидың жыр жолдары мен күнделіктегі ойлары бүгінгі күннің көзімен қайта оқылып, ХХІ ғасыр көрерменімен үн қатыспақ.