Театр 2018 жылғы 1 қарашада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылды. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов болды.
2020 жылы театрға Халық Қаһарманы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, театр және киноның көрнекті режиссері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің есімі берілді. Осыдан кейін театр «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» деп аталды.