Жүктелуде...
Астанада үлкен буын өкілдері білім алуға, спортпен шұғылдануға және жаңа қабілеттерін ашуға мүмкіндік алады
Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары аға буын өкілдері үшін қарым-қатынас орнатумен қатар, жаңа дағдыларды меңгеруге, шығармашылықпен айналысуға және дене белсенділігін сақтауға мүмкіндік беретін кеңістікке айналып келеді.
Орталықтарда түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Олардың қатарында спорттық бағыттар, би, вокал, қолөнер, шахмат, тіл үйрену және басқа да сабақтар бар. Әр тұрғын өз қызығушылығына қарай бағыт таңдап, бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізе алады.
Орталықтарға түрлі тәжірибесі мен қызығушылығы бар адамдар келеді. Бірі шет тілін үйренсе, енді бірі шығармашылықтың жаңа бағытын байқап көреді, ал кейбірі спортпен тұрақты түрде айналысады. Мұнда шығармашылық ұжымдар да құрылып, олар қалалық іс-шаралар мен байқауларға қатысады.
Мұндай орталықтардың тағы бір маңызды бағыты — адамдардың араласуы. Сабақтарға қатысу жаңа адамдармен танысуға, әлеуметтік байланыстарды сақтауға және қала өмірінің белсенді бөлігі болып қалуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары Астананың барлық аудандарында жұмыс істейді.
Жаңа дағды, жаңа таныстық немесе жаңа хобби — оған жас кедергі емес.
Теги