Құпиялылық саясаты
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Құпиялылық саясат (бұдан әрі – Саясат) «Астана Innovations» АҚ (бұдан әрі – Оператор) тарапынан Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарын орындау мақсатында әзірленді және Astana.kz бірыңғай цифрлық порталы (бұдан әрі – Портал) пайдаланушыларының дербес деректерін өңдеу тәртібін айқындайды.
1.2. Оператор Порталдың техникалық жұмыс істеуін, оның ішінде Пайдаланушылардың мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де қызмет көрсетушілермен (бұдан әрі – Қызмет көрсетушілер) ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ аталған функцияларды орындау үшін қажетті көлемде дербес деректерді өңдейді.
1.3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе ақпараттық өзара іс-қимыл шарттарында өзгеше көзделмесе, Қызмет көрсетушілер тиісті қызметтерді көрсету үшін қажетті дербес деректерді өңдеудің мақсаттарын, құқықтық негіздерін, олардың тізбесі мен көлемін дербес айқындайды.
Қызмет көрсетушілер өздеріне тиесілі ақпараттық жүйелерде жүзеге асыратын дербес деректерді өңдеудің заңдылығы үшін, сондай-ақ тиісті қызметтерді көрсетудің мазмұны, мерзімдері мен нәтижелері үшін дербес жауапты болады.
Оператор мемлекеттік және өзге де қызметтердің мазмұнын айқындамайды, Пайдаланушылардың өтініштері бойынша мәні жағынан шешім қабылдамайды және Қызмет көрсетушілердің Порталдың жұмыс істеуіне байланысты емес әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін жауапты болмайды.
1.4. Дербес деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді көздейтін Порталдың жекелеген функционалдық мүмкіндіктерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай келісім талап етілетін жағдайларда дербес деректер субъектісінің тиісті келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
Осы Саясаттың талаптары Пайдаланушыға Порталды пайдалану бөлігінде қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге жеке келісім алу қажеттігі көзделген болса, мұндай келісімді алмастырмайды.
1.5. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, Порталдың функционалдық мүмкіндіктеріндегі, дербес деректерді өңдеу тәртібіндегі өзгерістерге байланысты, сондай-ақ өзге де негіздер бойынша осы Саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
Саясаттың қолданыстағы редакциясы соңғы жаңартылған күні көрсетіле отырып, Порталда орналастырылады. Егер өзгерістер дербес деректерді жинау және (немесе) өңдеу тәртібіне қатысты болса және дербес деректер субъектісінің жеке келісімін алуды талап етсе, мұндай келісім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
2. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Осы Саясатта мынадай терминдер пайдаланылады:
Дербес деректер – белгілі бір немесе солардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер.
Пайдаланушы – Порталға қол жеткізетін және оның функционалдық мүмкіндіктерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
Дербес деректер субъектісі – тиісті дербес деректер өзіне қатысты болатын жеке тұлға.
Оператор – өзі орындайтын функциялар шегінде Порталдың ақпараттық инфрақұрылымында дербес деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын «Астана Innovations» АҚ.
Қызмет көрсетуші – Портал арқылы тиісті қызметті көрсететін және өз қызметі шеңберінде дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган, ұйым немесе өзге де заңды тұлға.
Үшінші тұлға – субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмайтын, бірақ олармен (онымен) дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлар немесе құқықтық қатынастар арқылы байланысты тұлға.
Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер.
3. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БӨЛУ ҚАҒИДАТЫ
3.1. Оператор дербес деректерді жинауды және өңдеуді тек Порталдың жұмыс істеуін, ақпараттық өзара іс-қимылды, Пайдаланушыларды сәйкестендіру мен аутентификациялауды, техникалық сұрау салуларды өңдеуді, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындау үшін қажетті функциялар шегінде жүзеге асырады.
3.2. Дербес деректер Портал арқылы Қызмет көрсетушіге берілген кезде Оператор олардың берілуін ақпараттық өзара іс-қимылдың белгіленген тәртібіне сәйкес және өзіне берілген өкілеттіктер шегінде қамтамасыз етеді.
3.3. Қызмет көрсетуші дербес деректерді өзіне тиесілі ақпараттық жүйеде алғаннан кейін оларды жинау мен өңдеудің заңдылығы үшін, оның ішінде өңдеу мақсаттарын, қажетті деректер тізбесін, оларды сақтау мерзімдерін, оларға қол жеткізу тәртібін және оларды пайдалану нәтижелерін айқындау үшін дербес жауапты болады.
3.4. Оператор Қызмет көрсетушілер көрсететін қызметтердің мазмұны, дұрыстығы, мерзімдері мен нәтижелері үшін, сондай-ақ тиісті өңдеуді Оператордың өзі жүзеге асырмайтын болса, Қызмет көрсетушілердің өз ақпараттық жүйелерінде дербес деректерді өңдеуі үшін жауапты болмайды.
3.5. Осы Саясатта белгіленген Оператор жауапкершілігінің шектеулері Оператордың өз ақпараттық инфрақұрылымында дербес деректерді өңдеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайларына қолданылмайды.
4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4.1. Оператор Пайдаланушылардың дербес деректерін тек Порталдың жұмыс істеуі үшін қажетті мынадай мақсаттарда өңдейді:
Порталда Пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау, жеке кабинетті жүргізу;
Пайдаланушылардың өтінімдерін, өтініштері мен сұрау салуларын өңдеу үшін дербес деректерді Қызмет көрсетушілерге техникалық жолмен беру;
өтінімдер беру, олардың мәртебесін қадағалау және хабарламалар алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
Порталдың жұмыс істеуін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Порталды пайдалану жөніндегі техникалық статистиканы иесіздендірілген түрде жүргізу;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.
4.2. Оператордың дербес деректерді өңдеуінің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген дербес деректер субъектісінің келісімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және жеке келісім алуды талап етпейтін өзге де негіздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы жүзеге асырылатын жағдайларда, келісімді беру және кері қайтарып алу аталған мемлекеттік сервис арқылы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4.3. Қызмет көрсетушілердің дербес деректерді өңдеуі әрбір Қызмет көрсетушінің Оператордан тәуелсіз айқындалатын және нақты Қызмет көрсетушінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін дербес құқықтық негіздері бойынша жүзеге асырылады.
4.4. Оператор Порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, өтініштерді өңдеу, ақпаратты іздеу және ұсыну, сұрау салуларды бағыттау, цифрлық сервистерді көрсету сапасын арттыру және өзге де заңды мақсаттар үшін автоматтандырылған ақпараттық технологияларды, оның ішінде машиналық оқыту және жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалануға құқылы.
Мұндай технологияларды қолдану кезінде дербес деректерді пайдалану тек осы Саясатта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өңдеу мақсаттары мен көлемі шегінде жүзеге асырылады.
4.5. Оператор Порталдың стандартты функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асырмайды.
5. ӨҢДЕЛЕТІН ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІҢ КӨЛЕМІ
5.1. Оператор Порталдың жұмыс істеу мақсаттарына ғана байланысты дербес деректердің ең аз қажетті көлемін өңдейді. Оператор артық дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырмайды.
5.2. Нақты қызметті алу үшін сұралатын дербес деректердің толық тізбесін Қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелерінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, нақты қызметті көрсету үшін қажетті деректер тізбесін айқындау тиісті Қызмет көрсетушінің құзыретіне жатады.
5.3. Пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау мақсатында Оператор интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы алынатын деректерді тек тиісті техникалық функцияларды орындау үшін қажетті шектерде өңдейді. Мемлекеттік дерекқорларда қамтылған деректердің дұрыстығы үшін уәкілетті мемлекеттік органдар жауапты болады.
5.4. Оператор Порталдың стандартты функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде биометриялық деректерді және дербес деректердің өзге де арнайы санаттарын жинауды жүзеге асырмайды, бұған мұндай өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген және тиісті функционалдық мүмкіндікті іске асыру үшін қажет болатын жағдайлар кірмейді.
Портал арқылы Қызмет көрсетушінің осындай деректерді өңдеуін көздейтін қызметтер көрсетілген жағдайда, тиісті өңдеуді Қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзі белгілеген құқықтық негіздерге сәйкес жүзеге асырады.
6. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ ШАРТТАРЫ
6.1. Дербес деректер Қызмет көрсетушіге тиісті қызметті көрсету үшін қажетті көлемде және мұндай беруге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтық негіз болған кезде беріледі.
Заңнамада дербес деректер субъектісінің келісімін алу көзделген жағдайларда, деректерді беру мұндай келісім заңнамада белгіленген тәртіппен алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
6.2. Дербес деректерді мемлекеттік органдарға (анықтау және тергеу органдарына, салық органдарына, өзге де уәкілетті органдарға) беру Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады. Оператор аталған органдардың дербес деректерді кейіннен өңдеуі үшін жауапты болмайды.
6.3. Дербес деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге, оның ішінде электрондық үкіметпен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті құқықтық негіз болған кезде жүзеге асырылады.
Тиісті ақпараттық жүйелердің меншік иелері және (немесе) операторлары өздеріне тиесілі ақпараттық жүйелерде дербес деректерді өңдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
6.4. Оператор Порталға техникалық қызмет көрсету және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өзге тұлғаларды тартқан жағдайда, мұндай тұлғалардың дербес деректерге қол жеткізуіне Оператормен жасалған шарт негізінде, тиісті функцияларды орындау үшін қажетті көлемде ғана жол беріледі.
Шартта Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтау, дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету, қажетті қорғау шараларын қолдану жөніндегі міндеттемелер, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік көзделеді.
7. ПАЙДАЛАНУШЫ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Пайдаланушы:
мәліметтерді өзі ұсынатын жағдайларда дұрыс, толық және өзекті мәліметтерді ұсынуға;
өзінің есептік деректерінің сақталуын қамтамасыз етуге және оларды үшінші тұлғаларға бермеуге;
есептік жазбасының жоғалғаны, оның қауіпсіздігінің бұзылғаны немесе оны рұқсатсыз пайдалану күдігі туралы Операторға дереу хабарлауға;
Порталды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Саясаттың талаптарын сақтауға міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе немесе бұл Порталдың ақпараттық инфрақұрылымы қауіпсіздігінің бұзылуынан туындамаса, Пайдаланушы өзінің есептік деректерін үшінші тұлғаларға берудің салдары үшін жауапты болады.
7.2. Пайдаланушы Оператордың Порталмен интеграцияланған мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтерді қалыптастыруды және өзектендіруді жүзеге асырмайтынын, сондай-ақ егер тиісті мән-жайлар Оператордың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен туындамаса, мұндай мәліметтердің толықтығы, дәлдігі мен өзектілігі үшін және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмысындағы іркілістері немесе қолжетімсіздігі үшін жауапты болмайтынын мойындайды және онымен келіседі.
8. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
8.1. Оператор Порталдың инфрақұрылымында өңделетін дербес деректерді рұқсатсыз қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден және таратудан қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
8.2. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес деректерді қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдайды. Бұл ретте Оператор өзінің ақылға қонымды бақылауынан тыс әрекеттер немесе оқиғалар салдарынан туындайтын ақпараттық қауіпсіздікке төнетін барлық ықтимал қатерлердің болмайтынына кепілдік бере алмайды.
Дербес деректердің қауіпсіздігіне байланысты оқиға анықталған жағдайда, Оператор оны оқшаулау, салдарын жою және қайталануын болдырмау үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.
8.3. Оператор дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы тек мынадай мән-жайлардың салдарынан орын алса, ол үшін жауапты болмайды:
ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзған Пайдаланушының әрекеттері немесе әрекетсіздігі;
Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қорғау шараларын қабылдаған жағдайда, Оператордың бақылауынан тыс үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері;
еңсерілмейтін күш мән-жайлары;
тиісті оқиға Оператордың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен туындаған жағдайларды қоспағанда, Қызмет көрсетушілердің немесе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде тікелей туындаған оқиғалар.
8.4. Дербес деректер Порталдың инфрақұрылымында осы Саясаттың 4-бөлімінде көрсетілген өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзім бойы, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен аспайтын уақыт сақталады.
Өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгеннен кейін дербес деректер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе немесе оларды сақтау Оператордың заңнамада белгіленген міндеттерін орындау, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болмаса, жойылуға немесе иесіздендірілуге тиіс.
9. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР СУБЪЕКТІСІНІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ
9.1. Дербес деректер субъектісі:
Заңда белгіленген тәртіппен Оператордың өзінің дербес деректерін жинауы және өңдеуі фактісі, мақсаттары, дереккөздері мен тәсілдері туралы ақпарат алуға;
Заңда көзделген жағдайларда дербес деректерді түзетуді, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Оператордың дербес деректерді өңдеуіне берген келісімін кері қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте Заңда көзделген негіздер болған жағдайда Оператор дербес деректерді өңдеуді жалғастыруға құқылы;
дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға шағыммен жүгінуге құқылы.
9.2. Дербес деректерді Қызмет көрсетушінің өңдеуіне қатысты мәселелер бойынша Пайдаланушы тікелей тиісті Қызмет көрсетушіге жүгінуге құқылы, өйткені Оператор Қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелерінде дербес деректерді өңдеудің мақсаттары мен көлемін айқындамайды.
9.3. Оператор Порталдың инфрақұрылымында дербес деректерді өңдеуге қатысты Пайдаланушылардың өтініштерін Заңда белгіленген мерзімдерде қарайды. Қызмет көрсетушілердің немесе мемлекеттік органдардың әрекеттеріне қатысты өтініштер бойынша Оператор Пайдаланушыға тиісті ұйымға жүгіну қажеттігін хабарлайды.
10. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
10.1. Оператордың дербес деректерді өңдеуіне байланысты сұрақтар мен даулар бойынша Пайдаланушы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 27 мекенжайына жазбаша түрде немесе support@astana.kz электрондық поштасына жүгіне алады.
10.2. Оператор дербес деректерді өңдеуге байланысты өтініштер мен сұрақтарды қарайды және олар келіп түскен кезден бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында өтініштің тиісті түрі үшін белгіленген мерзімде уәжді жауап жібереді.
10.3. Қызмет көрсетушілердің Пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеу кезіндегі әрекеттеріне байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті Қызмет көрсетушімен шешіледі. Оператор Қызмет көрсетушілердің Порталдың жұмыс істеуіне байланысты емес әрекеттері үшін жауапты болмайды.
10.4. Дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге жатады.
11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
11.1. Дербес деректерді өңдеуге қатысты мәселелер бойынша Пайдаланушы мына мекенжайға жүгіне алады:
«Астана Innovations» АҚ,
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Сейфуллин көшесі, 27,
e-mail: support@astana.kz,
тел.: +7 (7172) 25-13-35.
11.2. Осы Саясат Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
11.3. Осы Саясаттың жекелеген ережелерінің жарамсыздығы Саясаттың тұтастай жарамсыз болуына әкеп соқпайды.