Астанада білім беру жүйесін дамытуға арналған педагогтердің тамыз конференциясы өтті
Астанада 2026–2027 оқу жылындағы білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарына арналған педагогтер қауымдастығының тамыз конференциясы өтті. «Білім беру жүйесін стратегиялық дамыту: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал» тақырыбындағы іс-шара педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын, сарапшылар мен кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктірді.